8 (710-36) 6-84-64
8 (710-36) 4-01-18
8 (710-36) 4-03-00
Балхаш қаласы, Қазыбекова көшесі 12 үй
Электронды мекен-жай: bmpk@list.ru
Колледждің оқу – әдістемелік жұмысы бойынша директордың орынбасары
Аширбекова Шынар Бокеновна
Оқу- әдістемелік жұмыс
Жаңа оқу жылында әдістемелік кабинеті жұмысының міндеттері:
алған білімі негізінде өзін-өзі таныту, өзін-өзі дамыту, өздігінен кәсіби сауатты шешім қабылдай алатын болашақ білікті мамандық иесін қалыптастыруда шеберлігін шыңдайтын педагогикалық ұжымға әдістемелік көмек көрсету.
Әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары:
- әрбір оқыту мамандығын кешенді әдістемелік қамтамасыз ету;
- оқытушылар және шеберлердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру;
- оқытушылар және арнайы пән оқытушыларның жеке әдістемелік жұмысы;
- педагогтардың ғылыми жұмысы;
-үздік педагогикалық тәжірибені қорытындылау және тарату;
- білім алушылардың ғылыми жұмысына жетекшілік ету;
- әдістемелік бірлестік шеңберінде колледж педагогтарының жұмысына әдістемелік жетекшілік ету.
Әдістемелік жұмыстың негізгі түрлері:
- курстарда, тағлымдама және қайта даярлау курстарында оқытушылардың біліктілігін арттыру;
- оқу-әдістемелік құжаттар және авторлық оқу бағдарламаларын әзірлеу;
- оқу сабақтарын әдістемелік қамтамасыз ету жұмысы;
- оқулықтар, құралдар, мақалалар жазу және жариялау;
- білім алушыларға курстық жұмыстарды жазуға жетекшілік ету;
- білім алушыларға конференцияларға дайындалуға жетекшілік ету;
- педагогикалық кеңестерде, әдістемелік кеңестерде, ӘБ отырыстарында тақырыптық баяндама жасау;
- колледжішілік, облыстық, республикалық және халықаралық конференцияларда баяндама жасау;
- әдістемелік бірлестіктерге жетекшілік ету;
- кәсіби шеберлік олимпиадалар, конкурстар.
Қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жоспарланды:
- оқытушылардың ғылыми деңгейін арттыру мақсатында психологиялық-педагогикалық ғылым нәтижелерімен таныстыру жұмысы жалғастырылсын;
- шығармашылықты жұмыс істейтін оқытушылардың озық педагогикалық тәжірибесін зерделеу, жалпылау және енгізу жұмысы жалғастырылсын;
- жас оқытушылар мектебін ұйымдастыру, колледж оқытушыларын семинар-практикумдар, педагогикалық оқулар, конференциялар арқылы педагогикалық шеберлігін арттыру жұмысында жас оқытушы мектебін ұйымдастыру арқылы жас оқытушыларға педагогикалық шеберлігін арттыруда көмек көрсету;
- ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, пән апталығын, ғылыми-практикалық конференциялар өткізуге, білім алушылардың білім сапасын бақылауды жетілдіруге көмек көрсету.