Әдіскер

Колледждің оқу – әдістемелік жұмысы бойынша  директордың орынбасары

Аширбекова Шынар Бокеновна


Оқу- әдістемелік жұмыс


Жаңа оқу жылында әдістемелік кабинеті жұмысының міндеттері:

алған білімі негізінде өзін-өзі таныту, өзін-өзі дамыту, өздігінен кәсіби  сауатты шешім қабылдай алатын болашақ білікті мамандық иесін қалыптастыруда шеберлігін шыңдайтын педагогикалық ұжымға әдістемелік көмек көрсету.

Әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары:

- әрбір оқыту мамандығын кешенді әдістемелік қамтамасыз ету;

- оқытушылар және шеберлердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру;

- оқытушылар және арнайы пән оқытушыларның жеке әдістемелік жұмысы;

- педагогтардың ғылыми жұмысы;

-үздік педагогикалық тәжірибені  қорытындылау және тарату;

- білім алушылардың ғылыми жұмысына жетекшілік ету;

- әдістемелік бірлестік шеңберінде колледж педагогтарының жұмысына әдістемелік жетекшілік ету.

Әдістемелік жұмыстың негізгі түрлері:

- курстарда, тағлымдама және қайта даярлау курстарында оқытушылардың біліктілігін арттыру;

- оқу-әдістемелік құжаттар және авторлық оқу бағдарламаларын әзірлеу;

- оқу сабақтарын әдістемелік қамтамасыз ету жұмысы;

- оқулықтар, құралдар, мақалалар жазу және жариялау;

- білім алушыларға курстық жұмыстарды жазуға жетекшілік ету;

- білім алушыларға конференцияларға дайындалуға жетекшілік ету;

- педагогикалық кеңестерде, әдістемелік кеңестерде, ӘБ отырыстарында тақырыптық баяндама жасау;

- колледжішілік, облыстық, республикалық және халықаралық конференцияларда баяндама жасау;

- әдістемелік бірлестіктерге жетекшілік ету;

- кәсіби шеберлік олимпиадалар, конкурстар.

Қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жоспарланды:

- оқытушылардың ғылыми деңгейін арттыру мақсатында психологиялық-педагогикалық ғылым нәтижелерімен таныстыру жұмысы жалғастырылсын;

- шығармашылықты жұмыс істейтін оқытушылардың озық педагогикалық тәжірибесін зерделеу, жалпылау және енгізу жұмысы жалғастырылсын;

- жас оқытушылар мектебін ұйымдастыру, колледж оқытушыларын семинар-практикумдар, педагогикалық оқулар, конференциялар арқылы педагогикалық шеберлігін арттыру жұмысында жас оқытушы мектебін ұйымдастыру арқылы жас оқытушыларға педагогикалық шеберлігін арттыруда көмек көрсету;

ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, пән апталығын, ғылыми-практикалық конференциялар өткізуге, білім алушылардың білім сапасын бақылауды жетілдіруге көмек көрсету.